235 балаға оқу құралдары табысталды
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Атырау облысының мешіттері жалпы саны 235 баланы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етті.
Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде 50 балаға оқу құралдары жинақталған сөмкелер сыйға тартылды. Осылайша атыраулық дін қызметкерлері 235 баланың мектепке баруына жағдай жасады.
«Акция аясында негізінен әлеуметтік жағдайы төмен және «Жусан» операциясы арқылы елге оралған отбасылардың балалары қамтылды. Біз балаларымыздың білім алуына жағдай жасауды жалғастырамыз. Баршамызға Алла разы болсын! Бұл – бірлескен істің нәтижесі» деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, жақында ғана орталық «Иманғали» мешітінде 40 балаға планшет тапсырылған болатын.
www.muftyat.kz