Жаңалықтар

Флешмоб акциясы Махамбет ауданында жалғасты

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флешмоб акциясы ағымдағы жылдың 5 қазанында Махамбет ауданында жалғасын тапты.

          Облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау мақсатындағы акцияға Махамбет ауданы Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және ауданның спортшылары белсене атсалысты.

          Шараға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Андашев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов, Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Құмарұлы, Балалар-жасөспірімдер спорт клубының басшысы Э.Сағындықов және ауданның спорт жаттықтырушылары қатынасты.

          Ақпараттық-талдау орталығының маманы С.Құжырбаев шараның мақсаты менміндетіне тоқталды. Ішкі саясат бөлімнің басшысы А.Сисенов жастарды, спортшыларды терроризмнен аулақ болуға, онымен бірлесе күресуге шақырды. Шараға қатысушы спортшылар «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» деп ұрандап, спорттық өнерлерін ортаға салды.


          Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушы жастарға, шараның өтуіне мұрындық болған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшылығына алғыс білдіріп, егемен еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
          Флешмоб акциясы 100-ге жуық аудан жастарын қамтыды.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля