Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ
Атырау облысы Дін істер басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Құрманғазы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флэшмоб акциясына спорт мектебінің тәрбиеленушілері белсенділікпен атсалысты.
Аталмыш шараны Орталықтың бөлім басшысы Е.Боранғалиев ашып, шараның мәні мен маңыздылығын түсіндірді.
Шара аясында сала мамандары қазіргі кезде белең алып алып бара жатқан діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпарат беріп, қуатты ел болуымыз үшін ғылымға, білімге, жаңашылдыққа жақын болып, еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығын қашанда басты орынға қою қажеттілігін жеткізді.
Одан әрі спорт мектебінің тәрбиеленушілері флэшмоб биін орындап, «ҚҰРМАНҒАЗЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ, БІЗ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ДІНИ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫМЫЗ» деген ұранмен өз қолдауларын білдірді.
Аталмыш флешмоб акциясына 200-ге жуық жастар қамтылды.