Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған фильм көрсетіледі

Бүгін қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толып отыр. Заңғар жазушының мерейтойына арналған фильм осы сенбі, 1 қазанда Jibek Joly телеарнасынан «Наша история» жобасы аясында көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Наша история» жобасы тарихи тұлғаларға, тарихта өшпес із қалдырған қызықты фактілерге арналады. Олардың көбі әдебиеттің, қоғамның, музыканың, мәдениеттің, тарихтың дамуына ерекше үлес қосқан тұлғалар. Биыл көрермен назарына мерейтойы атап өтілетін тұлғалар туралы фильмдер ұсынамыз», – дейді жоба авторы Майя Бекбаева. Бағдарламаның бірінші шығарылымы әйгілі қазақ жазушысы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовке арналған. Биыл жазушының туғанына 125 жыл толып отыр. Майя Бекбаева фильмнің сценарийін жазу барысында мұрағат құжаттарымен жұмыс істегенін айтады. Түсірілім екі қалада өтіп, екі аптаға созылған. Бірінші бөлім жазушының туған өлкесі Семей өңірінде (Әуезов Семей уезі Шыңғыстау болысында дүниеге келген) түсірілген. Оның әдеби және саяси қызметі осы қаламен тығыз байланысты.

Не арқылы: inform.kz Тегтер: 125 жылМұхтар Әуезов

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля