Ислам құндылықтары мен қазақи дәстүрдің ұштастығы


     Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 қазанында Индер ауданы Елтай ауылы М.Сиранов атындағы орта мектепте «Ислам құндылықтары мен қазақи дәстүрдің ұштастығы» тақырыбында мектеп мұғалімдері және оқушыларымен кездесу өтті.

          Шараны облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Д.Байбақты ашып, кездесудің маңызы мен артықшылығына тоқталды.

          Кездесуде  сөз алған теолог маман Е.Сағынов Ислами құндылықтарды қазақ салт-дәстүрімен ұштастырып, қазақи әдет-ғұрыптардың әрбір тармағы, ата-анаға құрмет, асқа құрмет, ағайындармен туыстық қатынасты үзбеу сынды барлық қағидалар шариғаттан алынғандығын алға тартты.

          Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі С.Жукеев: «Дәстүр–тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы екендігін айтып өтті. Экстремизм мен терроризм түрлерінің соңғы ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде оларға қарсы тұрудың тиімді әдістерінің бірі – салт-дәстүрімізді жандандырып, дәстүрлі исламды дәріптеудің маңызыдылығын жеткізді.

          Одан әрі  ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Н.Өтегенова: «Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттерінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру қағидасы, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге заң негізінде жазалап та отырған»-деп, өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарғандығын баяндады.

          Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Жиынға 50-ге жуық адам қамтылды.

0

Автор публикации

не в сети 10 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля