Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту тақырыбын қамтыған кездесу

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінде облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында кездесу өтті.    

          Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Құлғалиева Ботакөз, «Шапағат» қоғамдық қорының теологы Хаван Нұрбол, Аққыстау орта мектебінің ұстаздары, мектеп оқушылары және жас спортшылармен өткен шараға күні кеше ғана Самбо күресінен Үндістанда өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары Қуанғалиев Еркебұлан мен Абылайхан Мейрамбекұлы, жаттықтырушысы Асхат Жұмабекұлы қатысты.

          Қонақтар Азия біріншілігінің өту барысы мен жеткен жетістіктерін баяндады. Азия біріншілігінде көш бастап жеңімпаз атанудың өзі үлкен күш және еңбек екенін айтты. Бастысы спортқа деген қызғушылық, ынта-талаптың жоғары болуы, шыдамдылық пен еңбектің арқасында болатынын айта өтті. Үндістан елінің тұрмыс – тіршілік деңгейін көргенде, қазақ елінің кең байтақ жеріне, табиғатына, байлығына еш нәрсе жетпейтінін және қазақ елі бейбітшілік заманда дамыған, ең бай мемлекет екенін, осындай қазақ елінде тіршілік еткені үшін шүкіршілік айтып, қуанатындарын жеткізді.

          Шара барысында қатысушы қонақтар қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля