Жаңалықтар

COVID-19 вирусының таралу кезіндегі діни және өзге де мейрамдар жөнінде

          Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне еліміздегі  діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтарының басшыларынан,  Песах,  Пасха,   Ата-аналар күні,  Ораза сынды басқа да діни мейрамдарды атап өту  жөніндегі  өтініштері келіп түсуде.

          Аталған мерекелердің  рухани тұрғыдан маңызды екені айқын.  Біз азаматтарымыздың діни және рухани құндылықтарына, қалыптасқан салт-дәстүрлеріне үлкен құрметпен қараймыз және де бұл мейрамдардың көпшілік азаматтардың өміріндегі  маңыздылығын түсінеміз.

          Алайда,  бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерін жайлаған қатерлі вирустық індет пандемиясы  баршаның денсаулығы мен өміріне үлкен  қауіп төндіруде. Басым мемлекеттерде  эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар қабылданып, қатаң карантинмен азаматтарды оқшаулау шаралары жүзеге асырылуда.  Сонымен бірге барша ұжымдық  және діни іс-шаралар да шектелуде.

          Вирустық инфекцияға қарсы күрес және оның  таралуына жол бермеу мақсатында біздің елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, көптеген қалаларда карантин орнатылды. Бұл бірінші кезекте біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығын  сақтау,  аурудың алдын алу талабынан туындап отыр.

          Алдағы мейрамдар барысында діни және рухани тұрғыда  ғибадатханаларда мерекелік ас беру, крестік шерулер,  басқа да діни рәсімдерді өткізу, еске алу  мен жерлеу орындарына бару қарастырылған.  Сонымен бірге, бұл діни мерекелер барысында  дәстүрлі түрде көпшілікке арналған  мәдени шаралар ұйымдастырылатын.

          Алайда, қалыптасқан ахуалда бірінші кезекте адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі, денсаулығын сақтау маңызды  болып табылады. Осыған байланысты діни және этномәдени  бірлестік басшыларын, барша азаматтарды мерекелік мерзімде қатаң карантин режимін сақтауын сұраймыз.

          Діни ұйымдардың  мерекелік рәсімдерді заманауи коммуникация жүйелерін пайдалана отырып, онлайн режимде  өткізу мүмкіндігін қарастырғаны жөн.

          Алдағы келе жатқан мерекелермен құттықтай отырып, барша азаматтарға  денсаулық пен береке, бірлік тілейміз. Амандықта жүздесейік!  Біз біргеміз!

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля