Жаңалықтар

Индердегі кездесу

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен Индер ауданы Көктоғай селосы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында кездесу өтті. 
Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Қ.Кәрім, АТТ мүшесі Н.Өтегенова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Жұмашева, қыз балалар кеңесінің төрағасы О.Зұлқарнева, мектеп кітапханашысы Г.Асылова, «Saltanat Media Group» ЖШС өкілі А.Абдрахманова қатынасты. 


Кездесу барысында орталық маманы Қ.Кәрім қазақ халқының қыз тәрбиесіндегі мақсаты – әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз баланың келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу екендігін атап өтті. 


Өз кезегінде қыз балалар кеңесінің төрағасы О.Зұлқарнева: «Ел өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ»-дей келе, қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі жайында сөз қозғады.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля