ЖаңалықтарМақалалар

Сақ болыңыз! Әлеуметтік желі теріс ағымға жетектетіп жібермесін!

Бүгінгі ақпараттандыру заманында әлеуметтік желінің түр-түрі бар. Жастар да, орта және үлкен буын өкілдері де әлеуметтік желіге тіркелген. Дегенмен, интернет ресурстарының пайдалы тұсымен қатар, зияны да бар екенін ұмытпаған абзал. Еліміздегі пандемиялық жағдай жастардың әлеуметтік желіні сағаттап қолдануына, әрі ата анатарапынан бақылаусыз қалуына себеп болып отыр.

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы жыл басынан бері интернет желісіндегі дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын 12 000-нан астам топты бұғаттауға енгізді.Бұл бағыт бойынша аталмыш  орталық жыл басында республика бойынша 15-ші орында тұрса, қазіргі таңда ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Яғни,1-ші орында тұр.

Орталық қызметкерлері жұмыс барысында деструктивті діни топтарға тіркелгендердің көбі жасөспірімдер екенін анықтады. Әлі ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін жете түсінбейтін жасөспірімдер деструктивті діни ағым өкілдерінің құрығына тез ілігеді. Өйткені, қазіргі жат ағым өкілдерінің әлеуметтік желіде неше түрлі айла тәсілі бар. Бұл туралы Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Рүстем ҚырғиұлыСейтқалиев әңгімелейді.

Деструктивті діни ағым қақпанға қалай түсіреді?

Кез келген деструктивті діни ағым өкілі өзінің парақшасын құран аяттары мен сүннет амалдары туралы материал жариялаумен бастайды.Аудиториясын жинап алғаннан кейінөздерінің уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Олар  материалдарын сапалы форматта (бірдей фон, әр материал бірдей форматта, көбіне қара түсті) дайындайды. Материалдарын күн сайын, тұрақты түрде белгілі бір уақытта салып отырады. Желі қолданушыларының әлеуметтік желіні кешкі уақытта қарайтынын тиімді пайдаланады. Сол уақытта тікелей эфирге шығып, парақша оқырмандарының сауалдарына жауап береді. Әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударатын инфографика мен көз тартарлық дизайнды қолданады.

Сондай-ақ, қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастыру арқылы аз уақыт аралығында діни сауаты төмен азаматтарды өз қатарына қосады. Қазір «ВКонтакте», «Facebook», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok», «Одноклассники» әлеуметтік желілері жастар арасында кең қолданысқа ие.Жат ағым өкілдері кішкентай балалардың назарын аудару мақсатында анимациялық форматта контент жасауда. Әсіресе, жасөспірімдер арасында танымал болған «Tiktok» әлеуметтік желісінде өз насихаттарын жүргізуде. Орталық  мамандары «Tiktok» әлеуметтік желісінде 50-ден астам жат ағым өкілінің парақшасы барын анықтады. Осы орайда, ата-аналардан балаларыңызды бақылауда ұстап, әлеуметтік желіде қандай топтарға тіркелгенін тексеруді сұраймыз.

Деструктивті топқа тіркелген сәтте- ақ белгілі боласыз.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісі танымалдығы жөнінен Қазақстанда 4 орында. Қазіргі таңда біздің Ақпараттық-талдау орталығы әлеуметтік желілерде 4 бағыт бойынша зерделеу жұмыстары үздіксіз жүргізуде.

Деструктивті діни ағымдардың насихат жұмыстарын бақылауға алу мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталған. Орталық мамандары аталмыш бағдарламалар арқылы деструктивті діни топтарға тіркелген азаматтарды автоматты түрде анықтап, жеке деректерін біле алады.

Заң бұзды. Ал жаза қандай?

2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша  ҚР «Діни қызмет және діни

бірлестіктер туралы» заң талаптарын бұзған 78 факті анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша — 36, ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының бойынша – 42)45 — тұлғаға әкімшілік айыппұлдар салынды, 26-сы

тоқталды, 4-не ескерту берілді, 3-і қаралу үстінде. Оның ішінде 17 тұлға «ВКонтакте», 8 тұлға «Facebook», 1 тұлға  «Instagram» әлеуметтік желісінде теріс діни материал жүктегені анықталды.         

ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабын бұзғаны үшін:  Интернет ресурстарында діни араздықты қоздыру, экстремизм мен терроризмді насихаттауға бағытталған ақпарат жариялаған жеке тұлғаға 55 мың теңге, заңды тұлғаға 70 мың теңге айыппұл салынады.

ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабын бұзғаны үшін:  Діни әдебиеттерді таратқан жеке тұлғаға 139 мың теңге, заңды тұлғаға 556 мың теңге; заңды діни қызметке кедергі келтірген жеке тұлғаға   139 мың теңге, заңды тұлғаға 278 мың теңге айыппұл салынады.

Құрметті ата-аналар!  Балаңызды бақылауда ұстаңыз, жақыныңызды жат ағымнан қорғаңыз!

Ғаламторды деструктивті діни ағым өкілдерінің насихат жұмыстарынан тазарту кезек күттірмейтін мәселе. Біз өз кезегімізде «Ата-аналық бақылауды» қатаң түрде ұстану керегін ескерткіміз келеді. Өйткені, еліміздің болашағы білімді де саналы ұрпақтың қолында. Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болуы үшін жастардың білімін арттырып, жат пиғылды ағым өкілдерінен қорғауға міндеттіміз. Сол себепті, тек біз секілді тиісті орган өкілдері ғана емес барша халық осы мәселеде бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Құрметті ата-аналар, балаңызды бақылауда ұстаңыз, жақыныңызды жат ағымнан қорғаңыз!

Ата-аналар біздің орталыққа келіп анонимді түрде балаларының әлеуметтік желідегі қандай топтарға тіркелгенін, не көріп, не оқып жатқанын біле алады. Сондай-ақ біздің мамандардан психологиялық, теологиялық және құқықтық көмек алуға болатынын хабарлаймыз.

Ақпараттық-талдау орталығының мекен-жайы: Атырау қаласы, Нұрсая ы/а 6 үй.  Байланыс телефоны — 8 (7122) 50 43 36.

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля