Сұхбаттар

Әкем құқық-қорғау органында істесе де, мені жат ағымнан құтқара алмады..

Жат ағымның арбауына түсіп, алданған тұлғаларды әлеуметтендіру, оларды дәстүрлі дінге қайтару үшін не істеу керек? Өзге діннің етегінде кетуге не итермелейді? Адам санасына улануына қандай фактор әсер етеді? Күйеуге шығамын деп өміріңе «күйе» жақпау үшін, жар таңдауда оның дәстүрлі дінді ұстанып жүрмегендігін қалай байқауға болады? Осы сұрақтардың барлығына деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғалар жауап берді.

 Кейіпкерлердің аты-жөндері өзгертілген.

Сариева Гүләйімнің сұхбаты

-Арайлым ханым, жалпы ажырасуыңызға діннің қатысы бар деп ойлайсыз ба? Ажырасуыңызға себеп болған негізгі себептерін айта кетесіз бе?

— Жиырма үш жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасыммен жиырма жыл отастым. Үш перзент дүниеге келді. Үлкенім он сегізде, кішкентайым төрт жаста. Жолдасымның отбасына деген жауапкершілігі болған жоқ. Баланы асырау, бағу деген жауапкершілікті мойнына алғысы келмеді. Менің ешкімім болмады, көбінесе сол себепті қайын жұрт жағым маған тиісті. «Ешкімің жоқ» деп бетіме басты. Оған қоса, үлкен ұлым мүгедек болып туды. Осы үшін олар мені кінәлады. Сол себепті де ажырасып кеттік. Бірақ, күйеуім намаз оқитын, дін жолындағы адам болды. Діни тұрғыдан баласы қандай мүгедек болсын, менің қанша туысым-жақыным болмаса да, үш баласының нәпақасын тауып беру оның міндеті еді. Ер-азамат бала-шағасының нәпақасын тауып беру керек.

— Ажырасудың қиын әлеуметтік мәселелердің бірі екені анық, сол себепті өз өміріңіздегі келеңсіз жағдайдың келесі қыз-келіншектердің басында қайталанбас үшін айтар ақыл-кеңестеріңіз..

-Қыздарға айтарым, өздерінің тұрмысқа шығатын келешек жолдастарыңды жақсылап танып, біліп алып барып шығу керек. Оның отбасын, оның мінез-құлқын және оның дінін, дін жағындағы ақидасының қандай екенін білу керек. Бірақ, алданып қалмай ер-азаматтың ортасын және ата-анасын, өзінің ақидасын, дінін бәрін толық білмей тұрмысқа шығу өте қиын.

Қазіргі заманда діни ағымдар көбейіп кетті ғой. Салафизм басқа да жалған неше түрлі діни ағымдар көбейіп кетті. Болашақ жолдасың сондай болып шықпауы керек және сондай болмауын қадағалау керек.

-Қыз баланың теріс пиғылды дін  өкілдері азаматтарына намаз оқитынына немесе «діндарлығына» қызығушылық танытып алданып соңы өкінішті жағдайға душар болып жатады, ал ер-азаматтарымыз бен қыз-келіншектеріміз осындай жағдайға соқтықпас үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

— Ер-азаматтарға айтарым, басқа діни ағымдарға кетпей, дін жағынан білгілері келетін болса тек қана мешітке барып, мешіттің имамдарынан сабақ алып, дұрыс білім ала білгені дұрыс. Діни білімді интернеттен алу өте қауіпті. Қазір заманға қарай интернетте неше түрлі діни ағымдар көбейіп кетті ғой. Тек қана айтарым діни білім мен дәрісті тек діни орындардан алған дұрыс.

Омарова Гүлжанның сұхбаты

— Болашақ жарыңыздың бойындағы қандай қасиеттер сіздің ол кісіге тұрмысқа шығуыңызға өз әсерін білдірді деп ойлайсыз? 

— Мен 17 жаста болған кезімде маған бір намаз оқитын мұсылман азамат көңіл білдіріп жүрді. Ол отбасын құру үшін мінсіз үміткер тәрізді көрінетін. Кейін тұрмысқа шыққан кезімде оның маған үйленгенінің нақты себебі белгілі болды. Ол заңмен қылмыстық қудалану қаупінен құтылу амалы екен. Себебі, менің әкем құқық қорғау органдарында істейтін. Ол мен арқылы әкеме жақын болуды көздепті. Күйеуім мені үнемі әкемнің қасында тұруға үгіттейтін, әкемнің оған көмектескенін қалады.

— Айжан ханым, тұрмысқа шығып, кейін ажырасып кеткен жағдайлар арасында күйеуіңізді қаншалықты танитыныңызға көзіңіз жетті?  

— Бірге тұрған алғашқы айларда мен оны нақтырақ тани бастадым. Күйеуімнің іс-әрекеті мен адамдық мораль арасындағы қайшылықтарға куә болдым. Ол қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүр екен. Ұрлық жасау, кісі тонау үйреншікті нәрсе екен. Оған қоса үйленгенге дейін көп рет қарақшылық шабуылдар жасап, кісі тонаған екен. Бір сөзбен айтқанда өмірінде жамандықты көп жасаған.

Ойлана келе мен бұл адамнан құтылуды көздедім. Тіпті қолымда алты айлық нәресте болса да құқық қорғау орындарына барып, мән-жайды айтуға шешім қабылдадым. Себебі, бұдан өзге тығырықтан шығаратын амалды көрмедім.

 Сіздің өміріңізге ажырасудың тигізген әсері қандай?

— Күйеуіммен айырылысқаннан кейін өмірге басқаша қарай бастадым. Адамдарға басқаша қарап, басқаша ойлайтын болдым. Тіпті мұсылман адамдарға да күдікпен қарайтын болдым. Себебі, намаз оқитын мұсылман деп жүрген адамдардің бәріне құлай сене беруге болмайтынына көзім жетті.

Түсінгенім алдымен адамның ісіне қарау керек екен, әйтпесе құр сөзбен бәрі де керемет болып көрінуі мүмкін. Бұрын намаз оқитын, діни рәсімдерді орындайтын адамдарға қатты сенетінмін.

-Қоғамды намаз оқып, бірақ арам пиғылда әр түрлі өз пайдасын ойлайтын іс-әрекеттер жасап, сіз алданып қалған жайттарға душар болдыңыз ба?

— Өкінішке орай, талай рет қатты қателестім, менің сенімімді ақтамаған адамдар көп болды. Ер адамдар ғана емес, намаз оқитын әйел адамдардың да мені пайдаланғысы келгені болды. Мен көмек сұраған адамдарға шын көңіліммен көмектестім. Ал, олардың көпшілігі маған көмек керек болған кезде теріс айналды. Тіпті, мені көзге ілмей кеткендері болды.

Биыл менің жасым 29-ға толады. Мен қателіктерімнің көбін өзімнің өмір тәжірибемнің аздығынан, әр нәрсенің байыбын жете түсінбегеннен деп ойлаймын. Ол кезде мен жас болатынмын, тек жақсылыққа ғана сенетінмін. Адамдардың жаманшылығын және қалай алдайтынын көрген жоқ едім. Ең өкініштісі кейбір адамдар дінді жамылып неше түрлі теріс амалдар жасайды екен.

Айдаркулова Самалдың сұхбаты

-Айгүл ханым, өз өскен отбасыңызда дін туралы естіген, көрген ақпараттарыңыз болды ма?

— Мен 42 жастамын. Білімім орта. Ата-анам медицина саласының қызметкерлері болды. Ол кісілер діндар адамдар емес еді. Отбасымызда қандай да бір діни рәсімдер ұсталынбайтын. Бізге дін туралы ешқандай әңгіме айтпайтын. Тек жұма сайын көршілерге «жеті нан» тарататынбыз.

— Дін туралы отбасыңызда ешқандай діни ақпарат алмасаңыз, сіздің намаз оқып, дінге бет бұруыңызға не себеп болды деп ойлайсыз?

— Бірақ, уақыт өте келе менде дінге деген рухани қажеттілік пайда болды.  Дінге келіп, намаз оқи бастадым. Жалпы мен Аллаға сенемін. Мені ойымша Аллаға шексіз сеніп, құранға сәйкес іс-әрекет ететін адамды діндар деп айтуға болады.Тағы бір байқағаным мешітте отырғанды ұнатамын. Бәлікім Алланың үйі дегеннен болар, әлде келетін адамдардың ниетінің түзулігі шығар, әйтеуір мешіттің ішіндегі аурасы ұнайды. Ұзақ уақыт отыра бергім келеді. Содан жүрегім тынышталып, жаным рахат алады.

Сұрағанова Сәуленің сұхбаты

— Гүлзира ханым, өзіңіздің өскен ортаңыз жайлы қысқаша айта кетсеңіз..

— Менің жасым 35-те. Білімім орта. Қарапайым отбасынан шықтым. Әкем құқық қорғау саласынында қызмет істеді, анам кітапханшы болды.

— Дін дегенде жалпы ойыңызға не келеді, өзіңіздің дінмен, қоғаммен қатынасыңыз қандай деп ойлайсыз?

— Кішкентай кезімде әжем аңыз-ертегілер айтып отыратын. Әңгімесінің арасында дін туралы айтатын, сөйтіп рухани құндылықтарды әжемнен үйреніп өстім. Жалпы мен дінді бейбітшілік пен адамгершілік деп түсінемін. Дінде зорлық болмауы керек. Әр адам дінді өз ықтиярымен қабылдағаны жөн. Өз басыма келетін болсам, өзімді діндар адаммын деп есептеймін. Менің түсінігімде діндар адам деп исламды таныған, діни қағидаттарды ұстанатын адам. Қоғамда дінге бет бұрған адамдарға байланысты түрлі көзқарастар бар екені өтірік емес. Бірақ, мен өзіме қатысты жағымсыз қарым-қатынастарды байқамадым. Араласатын адамдарым мен достарым да көп. Кез келген адаммен оңай тіл табыса аламын. Бұл мүмкін адамның жеке басына да байланысты болар.

-Сіз көбінесе діни ақпаратттарды қандай ақпарат көздерінен аласыз және сіз үшін діни ақпараттар алуда сақтық шараларын ұстанасыз ба?

— Сонымен қатар, өзімді қызықтырған діни ақпараттарды кітаптардан аламын. Діни кітаптар оқиғанды ұнатамын. Бірақ, соңғы кезде неше түрлі кітаптар шығып жатыр ғой. Кітапта жазылған діни ақпараттардың бәрін дұрыс деп қабылдай беруге болмайды. Кейбір кітаптарда біздің ұстанымдарымызға сәйкес келмейтін ақпараттар да бар.

Қазір көп адамдар діни ақпараттарды ғаламтор желісінен алуды әдетке айналдырған. Ғаламтордың арғы жағында отырған адамның кім екені және оның ниеті қандай екені белгісіз. Сондықтан ол бір күмәнді нәрсе. Өзім ғаламтордағы арнайы діни интернет-сайттарға, бағдарламаларға қызығушылық танытпаймын. Содықтан бұл жағынан сақ болған дұрыс.

Оқырмандардың назарына ұсынылған сұхбат кейіпкерлері тағдыр тауқыметін тартқан әйел адамдар. Олар дінге қалай келгендерін, діндар адамға тұрмысқа шыққанын және некенің бұзылуына себеп болған жайғдайлар туралы баяндайды. Көбінесе әйел адам болашақ жарының сыртқы атрибутикасына алданып, діндар деп ойлаған адамының діншіл екенін және қылмыс жасау мен өтірік айтуды ар көрмейтін кеш біліп, оның шынайы бет-бейнесін көріп өкініп жатады.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 985Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля