Индер ауданындағы діни бірлестіктер жөніндегі кеңес отырысы өтті
Атырау облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастырумен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іс-шаралар жоспарының 345-тармағына сәйкес «Конфессиялардың өзара құрметі мен теңдігін қолдауға қатысты мәселелерді» тақырыбында аудандағы діни бірлестік жетекшілері мен Қоғамдық Келісім кеңесінің мүшелерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта кездесу өтті.
Шараға Ақпараттық-талдау орталығы «Діни бірлестіктермен жұмыс» бөлімінің басшысы А.Айтуов, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев, «Орал Епархиясының Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің аға діни қызметкері Р.Хабибулин қатысты.

Кездесуде А.Айтуов ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беріп, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті.
Аудандағы діни бірлестік жетекшілері өңірдегі діни ахуалды баяндап, діни көзқарас бойынша конфессиялық теріс көзқарастар болмағандығын, аудан тұрғындарының татулықта екендігін және ислам, хрестиан сеніміне қарамастан қоғамдық шараларда бірлесіп атқарып жатқанын атап өтті.
0
Автор публикации
не в сети 4 дня