Аида Балаева: Ескерткіш орнату – тәртіп пен жауапкершілік
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде көптеген ескерткіш заңсыз орнатылғанын, соған орай ескерткіш қоюдың тәртібін түсіндірді. «Жуырда аса көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзінде Нұрғиса Тілендиевтің тұғырлы ескерткіші халқымыздың әйгілі тұлғаға деген айрықша құрметі мен ыстық ықыласының белгісі екенін атап өтті. Нұрғиса ағаның ескерткіші жоғары көркемдік талғаммен жасалып, ерекше үйлесім тапқан. Осы орайда, еліміздегі ескерткіш орнату мәселесіне тоқтала кеткім келеді.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Аида Балаева: Ескерткіш орнату – тәртіп пен жауапкершілік | Қазақстандағы Ислам
