Сұрақ-жауап

Баламызды интернеттегі теріс ағымнан қалай сақтандырамыз?

Деструктивті (теріс пиғылды) ағымдардың қоғамға келтірер зияны мен зардабын отандық ғалымдар мен мамандарымыз айтып келеді. Мұны өзіміз де күнделікті өмірден көріп келеміз. Бұлардың барлығы да алғашқы кезде адамға жылы күліп, гуманистік, ізгілік, адамгершілік ойларды көп айтып, сырт көзге жақсы көрінуге тырысады. Бұл бар болғаны адамның басын айналдырып, өз қатарларына тарту үшін пайдаланатын бүркенішті реңк екенін естен шығармаған жөн. Айласын асырып, көздеген адамын өз қатарына қосқан соң, оған «өзіміз» деп басқа идеология құя бастайды.
Осындай айлаға түспес үшін ата-ана баласының қандай желіде, кімді көріп және тыңдап отырғанын немесе не нерсеге әуес екенін білгені жөн. Әрине, сектанттар немесе деструктивті ағым өкілдерін ажырату үшін арнайы маманмен кеңескен дұрыс. Ол үшін арнайы анықтамалық нөмірлер де бар: мысалы, 114 қауырт желісі. Осы нөмірге хабарласу арқылы діни бірлестік немесе сектанттар жайында қажетті ақпарат ала аласыз. Ғаламтор желісінде ҚР сот шешімімен тыйым салынған террористік, экстремистік және радикалды діни ұйымдардың атаулары мен олардың белсенді уағызшыларының есімдерін көре аласыз. Сол сияқты жергілікті дін маманы, теологтан, имамнан кеңес алыңыз. Ол сізге қажетті бағыт-бағдар береді.
Осындай анықтамалардан кейін балаға ескерту айтып, оның сектанттардың ықпалына түсіп қалуына бөгет жасай аласыз. Егер сіз «Менің бұған уақытым жоқ» деп жүрсеңіз, онда балаңыздың ғаламтордағы сектанттың арбауына түсіп қалу қаупін арттырасыз. Баланың аман-саулығы үшін аз уақыт бөліп, жоғарыда аталған амалдардың бірін жасау қажет.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля