Жаңалықтар

Зайырлылық тақырыбын қамтыған семинар блогерлермен жалғасты

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 маусымында «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» атты бір күндік біліктілікті арттыру семинары өтті. 


Аталмыш семинарға блогерлер қатынасып, «Хазрет Сұлтан» мешітінің ұстазы, РАТТ мүшесі, Діни-танымдық muslim.kz сайтының орыс тілді нұсқасының редакторы М.Қайырғалиев пен Ақпарат және медиа мониторингі бөлімінің бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.Есенова дәріс жүргізді. 
Семинар барысында М.Қайырғалиев «Ханафи мазхабындағы хадистерді жіктеу әдістемесі» тақырыбында баяндама оқып, «діни экстремизм» мен «діни терроризм» туралы түсінік берді. 
Д.Есенова әлеуметтік желі кеңістігінде діни салада блог жүргізудің қырлары және ақпараттық әсер етудің әдіс-тәсілдерін арнайы слайд бойынша түсіндіріп өтті. 
Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля