Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен бүгін «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» атты бір күндік біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинар жұмысын облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев ашып, деструктивті діни ағымның шығу тарихы туралы баяндап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар құқық қорғау органы және ҚАЖ қызметкерлерін қамтыды. Аталмыш шараға Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, теолог А.Сабдин мен Ақпарат және медиа мониторингі бөлімінің бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.Есенова арнайы шақыртылды.
Семинар барысында дәріскер А.Сабдин: «Радикализмнің негізгі құраушы элементтері адамның түпсанасына орнығады. Оның ішінде құндылықтар, мотив, установка, намерение. Осы төрт нәрсе адамның радикал болуына септігін тигізеді. Әл-Фараби айтқандай, теріс ағым мүшелері адамдарға белгілі бір ойлау жүйесін орнықтыруды мақсат етеді»,-дей келе, деструктивті діни ағым өкілдерінің ықпалына жастардың қалай түсетіні жайында баяндап, олардың алдын алу мақсатында жұмыла қызмет атқару қажеттігін атап өтті.
Семинардың екінші бөлімінде Д.Есенова деструктивті діни ағым өкілдерінің әлеуметтік желі арқылы қалай алдап-арбайтыны туралы сөз қозғап, тыйым салынған діни әдебиет түрлерін атады.
Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.