Мақалалар

Соңғы кездері өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиі естіледі.

Соңғы кездері өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиі естіледі. Бұл дерттің қаншалықты ұлғайғанын көрсететін деректер жетіп жатыр. Статистика бойынша әлемде әрбір қырық секунд сайын бір адам өз еркімен өз өмірін қияды, яғни одан бас тартады. Жыл сайын әлемде осындай миллионға жуық суицид оқиғасы орын алады.

Әдетте, жануарларға не істеу керегін инстинкт білдіреді. Адамда ондай сезім жоқ. Бұрын адамға не істеп, не қою керегін киелі салттар мен мағыналы дәстүрлер нұсқайтын. Қазір оларда жоғалуда. Дәстүрдің орнын нигилизм басты. Адам өзіне не керегін таппай рухани күйреп, ақыры тұйыққа тіреледі. Жұрт не істесе, соны ойланбай жасайтын қуыршаққа айналғандай. Адамның жанжүйкесі тіршіліктен мағына таппай тыпырлайды. Өмірде жетістікке жетсе де, жан дүниесіндегі үңірейген вакумды толтыра алмай қиналады. Адамның бүкіл қайғысы мен қасіреті осы вакумнан басталады. Вакум пайда болғанда, адамның жүйкесі жұқарады.

Қазір кеңшілік заманда өмір сүреміз. Өз-өзіне қол жұмсау туралы газеттердегі, теледидардағы және интернеттегі әртүрлі жарияланымдар, әсіресе сезімтал жасөспірімдер арасында суицид әрекеттерін итермелеуі мүмкін. Мысалы, суицид жасаудың әртүрлі әдістерінің сипаттамасы интернеттен алуға болады, бұл да еліктеу қаупін арттыруы мүмкін. Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірім қиын жағдайда қалған басқа адамдарды да соған «шабыттандырады» деген пікір бар. Әсіресе, еліктегіш жасөспірімдер суицид оқиғаларын көрсететін ақпараттық бағдарламалардың, деректі фильмдердің немесе көркем фильмдердің және баспасөз басылымдарының жиі құрбандары болып табылады. Суицидологияда бұл құбылыс «Вертер синдромы» деген атпен белгілі. Ол «әдемі өлуге» қалай болатынын егжей-тегжейлі сипаттайды. Мұндай ақпараттар проблемаларды шешу әдісі ретінде суицидтік мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Мысалы Қазақстанда 2017 жылы әлеуметтік желіде шыққан «Синий кит», «Тихий дом» топтары суицидті насихаттайтын. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының шабуылынан қорғану үшін олар таратқан ақпаратты әрдайым сүзгіден өткізуге мәжбүрміз. Олардан осылай ғана қорғана аламыз.

Айдахо штатының бір университетінде суицидтен тірі қалған 60 студентпен диалог жүргізген. «Не үшін суицид жасадың?»  деген сұраққа 85 пайызы «Өмірден мән таппадым», – деп жауап берген. Таңғаларлығы: олардың 93 пайызының денсаулығы сап-сау, ақыл-есі бүтін. Материалдық жағдайы шешілген. Ата-анасымен, ағайын-туысымен қарым-қатынасы түзу. Осының өзі ойландырмай қоймайды, «жастар не үшін ерікті өлімге барады?» – деген сұрақ өзінен-өзі туындайды.

Адамның көп нәрсеге тәуелді екені рас. Өскен ортасына, мемлекет заңына, денсаулығына, білім деңгейіне, ас-ауқатының сапасына тағы басқа түрлі әлеуметтік шарттарға маталып тұрады. Оның тәуелді алаңын «тағдыр» деп атаймыз. Яғни адамның ықпалы жүрмейтін аймағы. Оған еріксіз туу мен еріксіз өлуді жатқызады. Бірақ адам тағдыр тақтасының ішінде позиция таңдауға ерікті. Сырттан қысым көрген күннің өзінде ішкі әлемінде белгілі бір тарапты жақтап не даттап тұруға ерікті. Өмірдегі сансыз сорап пен соқпақтын қайсысына түседі, оны өзі шешеді. Біреу үшін біреу шешім қабылдамайды. Тұлға еркіндік нығметін қолданумен адамдық борышын өтейді.

Сонымен қатар мына бір мысалды келтірсек. Беркли университетінің ғылыми қызметкері Диана Янг ашқан жаңалық. «Мән таппай өмірден жалығу шкаласы алдыңғы буынмен салыстырғанда жастар арасында тым жоғары. Оның түпкі себебі киелі салт-дәстүрден бас тартқан деп түсіндіремін. Кейінгі буын салт пен дәстүрдің киесін тәрк ететін нигилизмге ұрынады. Оның соңы тіршіліктен жалығу фазасына ұласқан» – деген пікірде.

Көкірегіне құндылық жиған адам Мән іздеуде қиналмайды. Құндылық пен Мәнді көкірекке құйғанда адам тұлғаға айналады. Парасатты қасиеттері шыңдала түседі. Адам Мәңді өмір бақи іздеумен, игерумен болады. Соған сәйкес адамшылығы да шыңдалады. Бұл түста Абай Құнанбаев: Адам өмірінің Мәні – адамдықты сақтау, адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Күллі адам баласын қор қылатын  үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш-ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

 

А.Сейдуәлі

Түркістан облысы діні істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

теолог маманы                       

 

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля