Мақалалар

Діни сенімге байланысты әскерден бас тартуға бола ма?

Биылғы наурыз бен маусым айлары арасында Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізіліп жатқаны белгілі. Бір қызығы, әлемдік атаулы күндер күнтізбесінде 15 мамыр Халықаралық ар-ождан мен діни наным-сенімге байланысты әскери қызметтен бас тартушылар күні болып бекітілген. Ал Қазақстан Қарулы күштерінде аталған себептерге байланысты әскери қызметтен бас тартуға бола ма? Осы мәселені зерттеп көрейік. Қазақстан заңнамасында бейбіт уақытта әскери шақырудан босатылатын азаматтар санатының тізімі бар. Бірақ онда ар-ождан, моральдық немесе діни сенімге байланысты әскери қызметтен бас тарту мәселесі жоқ. Тек ресми түрде діни бірлестіктерде тіркелген діни қызметкерлер ғана әскери қызметтен заң жүзінде босатылады. 2003 жылы Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қол қойып, оны 2005 жылы ратификациялады. БҰҰ келісімі адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына негізделген, ол мемлекеттерді «адамдардың азаматтық және саяси құқықтарын, соның ішінде өмір сүру құқығын, дін бостандығын және сөз бостандығын» құрметтеуге міндеттейді. Онда ар-ождан себептері бойынша әскери қызметтен бас тарту құқығы туралы нақты ереже жоқ. Бірақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 1993 жылғы мәлімдемесінде: «…қару қолдану міндеттері ар-ождан бостандығына және дінді немесе нанымды ұстану құқығына қайшы келуі мүмкін», делінген. 2016 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстан «бұған дейін ұсынылғандай, адамның діни және өзге де наным-сенімдер бойынша әскери қызмет атқарудан бас тарту құқығын тану мақсатында өзінің заңнамасын қайта қарамағанын және оған баламалы әскери қызмет туралы ережені енгізбегенін» атап өткен. Комитет Қазақстанға аталған себептермен әскери қызметтен бас тарту құқығын заңнамалық тәртіппен тануға кеңес беруді жалғастырды («Ар-ождан себептері бойынша әскери қызметтен бас тарту» туралы баяндама, 2017 жыл). Сондай-ақ «осы себептер бойынша әскери қызметтен бас тартқан адамдар үшін азаматтық сипаттағы балама қызметті қарастыру» ұсынылды. Алматы қаласы Дін істері басқармасының мәліметінше, Конфессияаралық қатынастар департаментінде діни сеніміне байланысты Қарулы Күштерде мерзімді қызметтен бас тартқан қазақстандықтардың статистикасы жоқ. Ведомство түрлі діни бірлестік өкілдерімен бірге азаматтардың балама қызмет атқару мәселесін шешуде. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Байкал Хамзин діни сеніміне қарамастан, әскери қызметтен өту әр ер азаматтың конституциялық міндеті екенін алға тартты. Түркияда тұңғыш рет «қымызfest» шарасы өтті 22.05.2023 Сауд Арабиясы: Сиам егіздері сәтті бөлінді 22.05.2023 Ата заңда атап көрсетілгендей, ер азаматтар діни сеніміне қарамастан әскерде қызмет етулері керек. Менің білуімше, кейбір діндерде қолға қару алуға тыйым салынады. Олай болса, бұл конфессиялардың өкілдері балама ретінде – ауруханада, қарттар үйінде, сондай сияқты басқа да жерлерде қызмет етуі мүмкін. Мысалы, бізбен бірге протестант қызмет етті, ол қолына қару ұстады, бірақ ешқашан атпады. Ол асханада қызмет етті, бізге тамақ пісірді, ыдыс-аяқ жуып, едендерді сыпырды. Бұл жұмыстарды да біреу жасауы керек қой, – деді ардагер. Хамзин өзін атеист деп санайды, бірақ әркімнің сеніміне қарамастан, ішкі ар-ожданы таза болуы керек деп есептейді. Діндар адам басқаларға қарағанда жауапкершілігі жоғары, ар-ожданы таза болуы мүмкін, Сенім – әркімнің жеке мәселесі, әрине, адамның бір нәрсеге сенгені жақсы. Қазіргі уақытта армияны ұстауға және жабдықтауға көп ақша бөлінеді. Көбісі әскерге қызмет ету үшін емес, жұмыс істеу үшін барады. Ауылдарда жұмыс жоқ, жігіттер отбасын асырау үшін әскерге кетіп жатады. Полицияға баратындар да солай – ақша табуды көздейді, – дейді Байкал Хамзин. Қорытындылай келе, ол қазақстандықтарды ар-ожданымен таңдау жасауға және Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігінің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға шақырды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Діни сенімге байланысты әскерден бас тартуға бола ма? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля