ЕЛОРДА: Тарихқа ашылған терезе
үгін астанамыз ширек ғасыр толды! Осы тарихи күнге орай Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – әсем астанамыздың тарихына тағы бір үңілуді жөн санадық. Соңғы бір ғасырға жуық уақыттың ішінде 1 рет мәртебесін, 5 рет атауын ауыстырған Есілдің бойындағы ерке қала көрініс тапқан бұл суреттер топтамасын «Тарихқа ашылған терезе» деп атауды жөн көрдік. Ендеше, біз дайындаған айрықша фотосуреттер сериясына назар салыңыз. Ескі алаң – бұрынғы Ленин алаңы Ескі қаланың орталығынан орын тепкен бұл жер Кеңес заманында «Ленин алаңы» деп аталған. Целиноградтықтар мен ақмолалықтардың ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Арғы жағындағы 16 қабатты ғимаратта Ақмола елорда болған кезде алдымен Қазақстанның Парламенті орналасты, қазіргі күні ол – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. Бұл үй 1979 жылы салынып біткен, ол кезде мұнда «Целингипросельхоз» мемлекеттік жобалау институты орналасқан еді. «Тарихқа ашылған терезеден» байқағанымыздай, институт алдында қолын сермеген Күн-көсемнің ескерткіші тұр. Айта кетейік, кеңес заманында осы Ленин алаңының екі жағында Күн-көсемнің екі бірдей ескерткіші бір-біріне қарап тұрған болатын. Целиноградтық оқушылар Елорда әкімдігі – бұрынғы Советтер үйі Ленин алаңының бойынан орын тепкен өз заманының алып ғимараттарының бірі – Советтер үйі. 1961 жылы Ақмолаға Хрущев келіп кеткеннен кейін жаппай қарқынды түрде бой көтерген құрылыстардың бірі. 1964 жылы пайдалануға берілді. Ақмола астана болғаннан кейін бұл жерде алдымен Қазақстан Үкіметі орналасты. «Астана» концерт залы – Дворец целинников Қанның тобы – Алланың сыйы 10.07.2023 “Нұр-Мүбарак” университетіне түсу емтихандары басталды 10.07.2023 КОКП Бірінші хатшысы Никита Хрущев Ақмолаға тұңғыш рет келгенде тың игерушілермен кездесу өткізетін лайықты орын табылмаған еді. Көп өтпей 1963 жылы осы ғимарат салынып, оған «Дворец целинников» деген атау берілді. Деректер бойынша, ғимарат салынғанға дейін оның орнында «Родина» кинотеатры тұрған. Ақмола астана болғаннан кейін «Конгресс-Холл» деп аталса, 2016 жылы «Астана концерт залы» болып өзгертілді. 5. Тың игерушілер сарайы алдында серуендеп жүрген қала тұрғындары «Астана» сауда орталығы – көпес М. Кубриннің сауда үйі Нұр-Сұлтанда төңкеріске дейінгі ескі сәулет стилінде салынған ғимараттар аз сақталған. Сол санаулы тарихи орындардың бірі – 1905-1907 жылдары Матвей Кубрин мен оның ұлдары тұрғызған сауда үйі. Кеңес заманында бұл жерде әр жылдары Орталық қалалық кітапхана, Орталық баспа үйі, «Радуга» азық-түлік дүкені, т.б. орналасқан. Кенесары көшесінің бойындағы ғимараттың мына тарихи суреті ХХ ғасырдың бас шамасында, яғни адамдар қала ішінде әлі атпен жүретін кезде түсірілсе керек. Украина елшілігі – В. Кубрин үйі Василий Кубрин – жоғарыда аталған «Астана» сауда орталығының иесі Матвей Кубриннің ұлы. Ол бұл ғимаратты 1910-1912 жылдары салған. Бұл үйдің өз тарихы бар. Василий Кубрин бірде Петерборға барып, сондағы театрда бір сұлу биші бикешпен танысады. Екеуінің таныстығы махаббатқа ұласып, жігіт сүйіктісіне Ақмолаға бару туралы ұсыныс тастағанда биші қыз: «Маған Ақмоладан Петербордағы секілді сәулеті келіскен үй салып берсең ғана барамын», – деп талап қойыпты. Кубрин елге орала сала осы үйдің құрылысын бастап, бір жарым жылда салып бітіреді. Кейін петерборлық сұлуды алып келіп, екеуі үйленіп, осы жерде ғұмыр кешкен. Кеңес заманында Кубриннің үйі Өлкетану музейі ретінде жұмыс істеді. Жасыл мешіт Деректерге қарағанда, бұл – Ақмола қаласында салынған екінші мешіт. Оған дейін 1838 жылы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменді салдырған тұңғыш ағаш мешіт шамамен қазіргі «Астана» концерт залының артқы жағында орналасқан болатын. Өкінішке қарай, 1920 жылы қалада болған алапат өрт кезінде ол толықтай жанып кетті. Ал мына суреттегі мешітті 1895 жылы татар көпесі Нүркен (Нұрмұхамед) Забиров салдырған. Өкінішке қарай, бұл құлшылық үйі де бүгінгі күнге жетпеді: оны большевиктер жермен-жексен етті. Қазір Республика және Абай даңғылдарының қиылысында тарихи мешіттің дуалы ғана сақталған. Бейбітшілік (бұрынғы – Мир) көшесінің бойындағы «Колос» гастрономы және кеңестік «Волга» автокөлігі «Pucha» – бұрынғы «Балалар әлемі» Сейфуллин даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысынан орын тепкен «Pucha» сауда үйі кеңес заманында «Балалар әлемі» деген сауда орны еді. Тың игерілген жылдары қарқынды құрылыс кезінде (1960-жылдар) бой көтерген ғимараттардың бірі. «Тарихқа ашылған терезеден» көріп тұрғанымыздай, 70-жылдары оның қасында әлі де жер үйлер болған. Оқушылар сарайы Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің Есілге тірелетін тұсынан орын тепкен М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы 1988 жылы есігін айқара ашты. Одан бері 32 жыл өткеніне қарамастан, сондай-ақ, Б. Момышұлы көшесінің бойынан бұдан да ірі жаңа Оқушылар сарайы ашылса да, бұл нысан әлі күнге мектеп оқушыларының шығармашылық орталығы ретінде қызметін жалғастырып келеді. «Жастар» театры – бұрынғы Теміржолшылардың мәдениет сарайы 1954 жылы өлкеде тың игеру басталғанда алғаш қазығы қағылып, 1956 жылы пайдалануға берілген Теміржолшылар мәдениет сарайының жан-жағындағы көшелерде алғашқы кезде асфальт болмаған еді. Оны мына суреттен көріп отырмыз. Тек 70-жылдардың басында ғана алдымен Мир (қазіргі Бейбітшілік), кейін басқа да үлкен көшелерге заманауы жол салынды. Тәуелсіздік жылдары мұнда алдымен «Ақ Орда» опера және балет театры орналасты. 2000 жылы оның атауы «К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры» деп өзгертілді. Соңғы жылдары қаланың сол жағалауында заманауы опера және балет театры салынғаннан кейін мұнда «Жастар» театры көшіп келді. Ескі вокзал Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында екі вокзал бар: «Нұрлы жол» – жаңа вокзал және Гете көшесіндегі ескі вокзал. Ескі вокзалдың өзі жаңа (1990 жылы салынған) және ескі (1961 жылы тұрғызылған) ғимараттардан тұрады. Мына суреттен көріп отырғандарыңыз – сол ескі вокзалдың бұрынғы ғимараты. Ал вокзалдың алдында кеңес дәуірінің “суперкарлары” – 60-шы және 70-ші жылдары шыққан “Волга” автокөліктерін көріп отырмыз. «Европа палас» қонақ үйі – бұрынғы «Октябрь» кинотеатры Нұр-Сұлтандағы тың игеру жылдары тұрғызылған тарихи ғимараттардың бірі – целиноградтықтардың сүйікті демалыс орны болған «Октябрь» кинотеатры. Кинотеатр афишасында 1958 жылы түсірілген «Махаббаттан асқан сезім жоқ» («Нет сильнее любви») атты жапон фильмі жазулы тұр. Қала тұрғындары киноға билет сатып алуда. Универсам Кеңес заманында қазіргі Абай даңғылы, бұрынғы Ленин көшісінің бойындағы мына көпқабатты үйдің астында универсам, яғни әмбебап дүкен орналасқан еді. Ал үстіңгі қабаттары – тұрғын пәтерлер. Бас пошта Целиноградтың бас поштасы (главпочтампт) 1966 жылы бой көтерді. Ол әлі күнге пошта қызметін атқарады. Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ, Коллаждар автордікі
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ЕЛОРДА: Тарихқа ашылған терезе | Қазақстандағы Ислам