Жаңалықтар

Қытайдың ең ірі мешітіне билет сатыла бастады, бірақ…

Қытайда жергілікті билік өкілдері Қашғардағы Ид Ках тарихи мешітіне келетін туристерге билет сата бастады. Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы бұл құлшылық үйі – Қытайдың ең ірі мешіті саналады. 2016 жылдан бері қытай билігінің мұсылмандардың құлшылықтарын орындауына шектеу қоюына байланысты негізінен жұмыс істемей тұр. Мешітте құлшылық амалдары тек мереке күндері және компартия ұйымдастыратын іс-шаралар күндері ғана өткізіледі. Туристік фирмалар Ид Ках мешітіне кіру үшін билеттерді 20 мен 40 июань арасында сату үстінде. Осылайша туристерге мешітке кіруге рұқсат, ал жергілікті мұсылмандардың намаз және Құран оқуларына рұқсат берілмей келеді. Бүкіләлемдік ұйғыр конгрессі төрағасының орынбасары Тұрғынжан Аляудиннің айтуынша, мешітке кіру үшін тіпті мұсылман емес адамдардан да ақша алуға болмайды. Сондықтан қытай билігі дін ережелерін бұзып отыр деп есептейді. Тегтер: Ид Ках мешітіҚытайШыңжай-Ұйғыр автономиялық ауданы

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қытайдың ең ірі мешітіне билет сатыла бастады, бірақ… | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля