Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Х.Доспанова атындағы №18 мектепте «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» атты бір күндік біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинар жұмысы дінтану пәнінің мұғалімдері мен психолог мамандарды қамтыды. Аталмыш шарада Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар»  ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаев, «Шапағат»  деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы М.Омаров дәріс жүргізді.

Семинар барысында дәріскер Т.Талдыбаев дін мен мәдениет қатынасы, Қазақ халқының мемлекеттілік тарихы жөнінде сөз қозғап, деструктивті діни ағым өкілдерінің ықпалына жастардың қалай түсетіні жайында баяндап, олардың алдын алу мақсатында бірлесе қызмет атқарудың маңыздылығын жеткізді.

Одан әрі теолог М.Омаров теріс діни ағымда жүргендер мен дәстүрлі дінді ұстанатындардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата білуді түсіндірді. 

Курс соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля