Атырауда «Sarayshyq upgrade – 2023» халықаралық жастар форумы басталды

Бүгін Атырау қаласында ІТ, маркетинг, музыка және киноматография бағыттарын қамтитын «Sarayshyq upgrade – 2023» халықаралық жастар форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Екі күнге жалғасатын шараға қатысу үшін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдері және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан бас-аяғы 200-ден астам жас қыз-жігіт келді. Форумның ашылу салтанатында облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз сөйлеп, Атырауда дарынды жастарды қолдауға арналған креативті индустрия орталығы ашылатынын мәлімдеді. Осы залда жиналған жалынды жастардың бойынан тұлғалық дамуға деген ынта-жігерін көріп тұрмын. «Sarayshyq upgrade – 2023» форумының атауын да жастар өздері таңдап алды. Олар бұл ретте тарихымызға терең еніп, жан-жақты ізденгенін танытып отыр. Сіздердей жалынды жастары бар біздің елдің жетер жетістігі мол. Бұл форум өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға, мол тәжірибе алмасуға септігін тигізеді деп есептеймін. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды алға жетелейтін, тың идеясын іске асыруға мүмкіндік беретін, мәдениетімізді жаңа бағытта насихаттайтын креативті индустрияны қолдау қорын ашу туралы тапсырма берген еді. Бұл ретте облыстық әкімдік жастарға кино, ІТ технология және түрлі бағыттағы жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін жастар орталығын ашпақ. Осы ретте оның қандай бағытта жұмыс істейтінін айқындау үшін сіздерден ұсыныс күтемін,-деді Серік Шәпкенов. «Sarayshyq upgrade – 2023» халықаралық жастар форумы 13-14 қыркүйек аралығында өтетінін айтып кету керек. Облыс әкімі бұл жастар форумын жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Атырауда «Sarayshyq upgrade – 2023» халықаралық жастар форумы басталды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля