Жаңалықтар

ІІМ: Қазақ тілі мен тарихын білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешов енді Қазақстан азаматтығын алу бойынша талап күшейгенін хабарлады. «Азаматтық туралы» заңда азаматтық берілмейтін жағдайлар тізімі толықтырылды. «Енді мемлекеттік қазақ тілін қарапайым деңгейде, еліміздің тарихы мен конституциясының негіздерін білмейтіндірге азаматтық берілмейді. Қажетті деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайды. Түзетулер азаматтардың қоғамға тез бейімделуін көздейді. Тілді білу қоғамға тезірек сіңіп, мемлекет өміріне араласуы үшін қажет. Айта кету керек, бұл түзетулер әлемдік тәжірибеге сай», деді Шыңғыс Алекешов. Көптеген елдерде азаматтық алу үшін мемлекет тарихы мен мемлекеттік тілді білу бойынша емтихан тапсыру қажет. Мысалы, Германияда азаматтық алу үшін үміткерлерге неміс тілін білуге, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға жоғары талаптар қойылады. Канадада тарихты және жергілікті тұрғындардың міндеттерін білу, сондай-ақ провинцияға байланысты ағылшын немесе француз тілдерін білетіндігін растайтын тест тапсыру қажет. Түркияда азаматтық алу кезінде  жалпыға ортақ негізде түрік тілін міндетті түрде білу міндеттеледі. Тиісті заңға енгізілген талаптарда қос азаматтықты болдырмау үшін Қазақстан азаматтығынан айырудың жаңа негізі де енгізілді. «Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің паспорттарын пайдаланған жағдайда біздің еліміздің азаматтығы тоқтатылады. Бұған дейін шет мемлекеттің азаматтығын алғаны үшін ғана Қазақстан азаматтығы тоқтатылатын еді», деді ІІМ ресми өкілі.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ІІМ: Қазақ тілі мен тарихын білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля