Қазақ-өзбек қатынасы жоғары қарқында дамиды
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақ-өзбек қатынасы жоғары қарқында дамиды | Қазақстандағы Ислам