Жаңалықтар

Әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ басшысы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Женевада алдын алу туралы келісім жобасын әзірлеп жатқан үкіметаралық келіссөздер органының (IGNB) отырысында сөйлеген сөзінде әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады ТАСС. – Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді, – деп атап өтті ДДСҰ бас директоры. 11 шілдеде Женевада өткен баспасөз мәслихатында Гебрейесус барлық елдерді құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырып, Камбоджа мен Америка Құрама Штаттарында індеттің соңғы жағдайларына назар аударды. Ол сондай-ақ тәуекел топтарына, атап айтқанда, 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажеттігін еске салды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде апта сайын орта есеппен 1,7 мың адам қайтыс болады.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ басшысы | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля