Мақалалар

ДІНАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ТІРЕГІ

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мұнда бөлініс жоқ. Дініне, жынысына, көзқарасына қарап ешкімді қудаламайды, қысымға алмайды. Зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құру –басты парызымыз. Сондықтан бізде сөз, діни, наным-сенім бостандықтары бар. Өйткені Ата Заңымыздың өзінде Қазақстанның «ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,–деп атап көрсетілген.

Дінаралық түсіністік, сыйластық – уақыт талабы екендігі баршаға мәлім. Тарих бетіне көз жүгіртсек, Қазақ елі әрқашанда түрлі халықтардың діни дәстүрлерінің, мәдениеттері мен өркениеттерінің тоғысатын мекені болған. Бүгінгі күнге дейін сол қалпында жалғасын тауып келеді. Жалпы алғанда егер дін қоғамда өзінің функциясын дұрыс атқарса, онда ол елде   бейбітшілік орнайтыны анық. Қазақстан Ресупубликасы дінаралық татулықты сақтау жолында жаһандық деңгейдегі ірі бастамаларды да жүзеге асыруда. Әрбір дін өз сенушісін ізгілікке, бейбітшіліке, мейірбандылыққа, қайырымдылыққа, жақсылыққа тәрбиелейді. Экстремизм, терроризм сияқты жаһандық қауіп-қатерлер, діни төзімсіздік, халықаралық дау-жанжалдар, қақтығыстар, діни құндылықтарды қорлау фактілері белең алып тұрған бүгінгі заманда аталған келеңсіздіктердің алдын алу өте маңызды.

Бүгін бізге дінімізді, ұлттық қасиетімізді, әдет-ғұрыпымыз бен салт-дәстүрімізді қайта түлетіп, бәрін толық қалпына келтіруге тамаша мүмкіндік беріліп отыр. Дінімізді мемлекеттік идеологияның ажырамас бір бөлігі, халықтың өміршең тәрбие көзі, мемлекеттің бір тірегі ретінде танып, ислам құндылықтарын игеру, оны ілгері дамыту – бүгінгі біздің міндетіміз. Еліміздің қуатты, рухы күшті, жан дүниесі бай, иманды мемлекет болуына біздің ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, жұрт соңына ереді деген зайырлы интеллигенцияның алатын орны мен рөлі өте ерекше. Дін – мәңгілік, оның қай заманмен болсын үндестік табатынын, діннің бейбітшілікке, ынтымақ пен бірлікке қызмет көрсететінін енді жақсы түсініп келе жатырмыз.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің 34-ші қара сөзінде «Адам баласына адам баласының бәрі дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың – бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсе қызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?» деп жазған. Данышпан ақын, барлық адамдардың өзара тең екендігін, бір-біріне көз алартушылық пен өзара қырқыстың саналы тіршілік иелеріне жарасымсыз құбылыс болатынын меңзеген. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай бабамыздың өнегелі сөзін есте сақтап, адамның барлығына сүйіспеншілікпен қарау бір ғанибет екені сөзсіз. Әлемдегі болып жатқан бітпейтін өзара қырқыстарды тоқтатып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудің маңыздылығын адам баласы Жаратушы алдындағы міндеті әрі парызы екендігін білсе керек.

Қорытындылай келе, әр ұлттың өз ерекшелігі мен ұстанымы, ұлты мен нәсіліне қарай өзіндік қалыптасқан мәдениеті мен салт-дәстүрі болады. Еліміздің тыныштығы мен болашағы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен көпұлтты халқымыздың ынтымағы, асыл дініміздің бірлігі мен көркеюі – әрқашан да ойландырады да толғандырады. Бәріміз «бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай» әрбір рухани жаңғырудың діни дәстүрімен сабақтастығы барлығын ескере отырып, еліміздегі дәстүрлі діннің негізгі қағидалары да  жаңа заман талабына сай  болуы маңызды.

 

Самирова Фатима

«Шапағат» ҚҚ психолог маманы

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля