Жаңалықтар

ҰҚК бес діни радикалды ұстады

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді. Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Айта кету керек, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан. Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ҰҚК бес діни радикалды ұстады | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля