Махамбет ауданында өткен кездесу
Махамбет ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 тамызында «Дін имандылық көзі, ұлт діңгегі» тақырыбында «Тұрмыс Қызмет» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті.
Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов қатынасты.
АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов өз сөзінде: «Адам өмірінде діннің алатын орны ерекше. Адамзаттың қай кезінде де дінсіз қоғам болмаған. Бірақ діннің дұрысы да бұрысыда бар. Сондықтан қазіргі таңда дұрысы мен терісін ажырату өте маңызды. Жас ұрпақты теріс жолдан сақтандыру сіздердің және біздің басты міндетіміз», — дей келе, қазіргі қоғамда діни сауатты болудың маңызды екенін жеткізді.
Кездесу барысында орталық маманы А.Мухамбеталиев деструктивті діни ағым түрлерін дәстүрлі дінмен салыстыра отырып айырмашылықтарын түсіндірді. Сонымен қатар, ҚР-ң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490 баптары бойынша ақпарат берді.
Жиынға қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.