Атырау облысына жаңа имам тағайындалды
Атырау облысының бас имамы болып Болатбек Абу Ұласқанұлы тағайындалды. Жаңа имамды жамағатқа ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы таныстырды.
Бұған дейін Атырау облысының Бас имамы қызметін атқарған Алтынбек Ұтысханұлына алғыс айтылып, жамағат алдында құрмет көрсетілді.
«Алтынбек Ұтысханұлы 2019 жылдан күні бүгінге дейін абыроймен қызмет атқарды. Аталған уақыт аралығында өңірде 15 мешіт, 5 құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылып, қолданысқа берілді. Аталған орталықтардан алғашқы 8 қари түлеп шықса, 91 дін маманы қызметке тағайындалды. 2019-2020 жылдары пандемия кезеңінде қала, аудан, ауылдық дәрігерлік орталықтарға 10 ИВЛ, 83 оттегі аппараты жеткізіліп, 7000 дәрі-дәрмек берілді.
Болатбек Ұласқанұлы – магистр, ғылым докторы, білікті маман, дін саласында үлкен міндеттерді абыроймен атқарған адам. Атырау облысы жамағатының бірлігін нығайтып, рухани ағарту мақсатында нәтижелі қызмет атқарады деп сенемін» деді наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы.