Жаңалықтар

«Заманауи өнер – сабын жасау» атты шеберлік сағаты

20 ақпан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 әйелдер түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында «Заманауи өнер – сабын жасау» атты шеберлік сағаты өтті.
Шараға «Шапағат» ҚҚ-ның теолог мамандары Н.Данаева, Г.Тастемирова, психолог маман Ф.Самирова, сабын жасауды үйретуші маман Б.Дүйсенғали қатысты.
Іс-шараның мақсаты – түзету мекемесіндегі жазасын өтеуші репатрианттарды белгілі бір деңгейде қоғамдық құндылықтарға бейімдеп, олардың жеке дамуына ықпал ету.
Экстремизм мен терроризм бабы бойынша 4 жазасын өтеуші қатысқан шеберлік сағатында барлығы қолдан сабын жасау дәрісін тыңдай отырып, өз қолдарымен түрлі пішіндегі сабын бұйымдарын жасап үйренді.
Шара соңында қатысушы азаматшалардың барлығына жасаған бұйымдары сыйлыққа берілді.
Қатысушылар алдағы уақытта да өз игіліктері мен қоғам көшінен қалмау мақсатында осындай мастер-класстардың жалғасын табуына өтініштерін білдірді.
0

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1032Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля