Жаңалықтар

Ерлан Қарин: Жат ағым мәселесі әлі де өзекті

Астанада өтіп жатқан ІІ Республикалық уағызшылар форумына қатысқан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин еліміздегі маңызды мәселенің бірі – жат діни ағымдармен күрес екенін айтты. «Мен бұл тақырыпты кезінде арнайы зерттеген едім. Еліміздің барлық өңіріндегі абақтыларға барып, 100 шақты деструктивті діни ағым өкілдерімен кездестім. Әрқайсымен 3-4 сағат сөйлестім. Сонда байқағаным, теріс ағымның ықпалына түскендердің көбі 3 айдан жарты жылға дейін уақыт діни кітаптарды оқып, сауатын ашқан болған. Сол азғантай білімімен өзімбілемдікке салынып, жат ағымның ішіне кірген. Солар 20-ның айналасындағы жас балалар. Білімсіздіктің, аңғалдықтың салдарынан діннің үлкен ілім екенін ескермей, жалған сенімге бой ұрған. Мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін ағартушылық жұмысты қолға алу керек. Біз әрбір азаматымыз үшін күрес жүргізуіміз қажет. Жат ағым мәселесі қоғамда әлі де өзекті. Түрлі жат идеология бар. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғаса беруге тиіс» деді Ерлан Тынымбайұлы.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ерлан Қарин: Жат ағым мәселесі әлі де өзекті | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1032Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля