Жаңалықтар

Арабтану орталығымен ынтымақтастық

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты директоры ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр мен ҚазҰУ Арабтану орталығы директоры ф.ғ.д. Баян Нұрсұлтанқызы өзара ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды. Төрілі Еділбайұлы Шығыстану факультеті оқытушылар құрамы мен арабтану орталығы ғылыми қызметкерлеріне институтымыздың қолға алған ғылыми жобалары жайлы баяндады. Институттың басты мақсаты дәстүрлі исламды ғылыми-теориялық негіздеу екенін атап өтті. Орталық директоры Баян Нұрсұлтанқызы институт жұмысына сәттілік тілеп, ортақ ғылыми жобаларды қолға алуға ниетті екенін білдірді. Төрәлі Еділбайұлы орталық қорына институт жобалары негізінде басылған бірнеше кітапты сыйға тартты. Арабтану орталығы 2000 жылдары ҚазҰУ дің шығыстану факультетінің жанынан ашылған. Содан бері білікті шығыстанушы, арабтанушы, парсытанушы мамандарды даярлап келеді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Арабтану орталығымен ынтымақтастық | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля