Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы
5 сәуір күні Ақтау қаласында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы 2025» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымына (ТҮРКСОЙ) мүше елдердің – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанның мәдениет министрлері мен өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері және Мажарстан делегациясы болды. Каспий теңізінің жағалауында өткен ауқымды шараны жүз мыңнан астам көрермен тамашалады. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар, Қазақстанның түрлі өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар да бар. Салтанатты кештің басты нысандарының бірі – «Дархан дала» этноқалашығы болды. Бұл – қазақтың дәстүрін, Маңғыстаудың киелі мұрасын және түркі халықтарының тарихын насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы | Қазақстандағы Ислам
