Жаңалықтар

Қазақ жылқысы – ұлттың коды, өркениет жады

Абай елінде I Халықаралық жылқы шаруашылығы жөніндегі ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті. Shakarim University төрінде қазақ жылқысының тарихы төңірегінде алғаш рет халықаралық ауқымда жиын болды. Қазақ елімен мен Қытайдың жетекші ғалымдары, ауылшаруашылық университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері бас қосқан конгрессте жылқы шаруашылығы туралы ұлт пен адамзат тұрғысынан зерделеніп, саланың ғылыми, мәдени және экономикалық негіздері безбенделді. «Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық ғылымды жаңғырту және генетикалық қорды сақтау туралы стратегиялық тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырылып отыр. Қазақ жылқысы – көшпенді ұлттың өмір сүру формасын сақтап қалған тұтас бір өркениеттік феномен», дейді ұйымдастырушылар. Олардың айтуынша, қазақ жылқысы – ғасырлар бойы табиғи сұрыпталудан өткен, жылдың төрт мезгілінде жайылым да жүретін төзімді жануар. Ғалымдар оны тек ет өнім ғана емес, мәдени код ретінде қарастыру керектігін айтады.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақ жылқысы – ұлттың коды, өркениет жады | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля