Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздерге құрмет

Мемлекеттік рәміздер күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тәуелсіздік нышандарына ерекше қадірленіп, оған құрмет көрсетілді. Орталықтың зейнеткерлері таңғы жаттығу сабақтарын Мемлекеттік Әнұранды орындаудан бастады. Орталықтың аудандардағы барлық филиалында қызметкерлер тәуелсіздігімізді білдіретін символикалардың жанында тұрып Мемлекеттік Әнұранды орындады. Сонымен қатар рәміздер күніне орай елордалық зейнеткерлер Тұңғыш Президент музейіне барды. Онда музей қызметкерлері ардагерлерге музейдің әр бұрышында еліміздің әрбір кезеңдерін баяндап, Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұранының туындау тарихы туралы әңгімелеп берді. Музейге жиналғандар елдің тәуелсіздік жолындағы күресі мен жеңістері туралы мағлұмат алды. Экскурсия соңында айтылған ақпараттар бойынша зейнеткерлерге қызықты сұрақтар қойылып, қонақтардың зейіні тексерілді. Жалпы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында Мемлекеттік рәміздеріміз – Көк байрақ, Елтаңба және Әнұранды ұлықтауға бағытталған тарихи дәрістер, квест, челлендж ұйымдастырылып, сондай-ақ 10-ға жуық патриоттық іс-шара өтті.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Мемлекеттік рәміздерге құрмет | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля