«Әлемнің діни дәстүрлерінің баға жетпес қазыналары» көрмесі ашылды
15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Хатшылықтың Жұмыс тобының отырысы, Съезд Хатшылығының XXIII отырысы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі мен Жас діни лидерлердің II форумы аясында «Әлемнің діни дәстүрлерінің баға жетпес қазыналары» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық музеймен бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Оның мақсаты – түрлі діндер мен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсіністікті нығайту, әлемдік діндердің рухани мұрасын көрсету, сондай-ақ бейбітшілік пен келісім құндылықтарын ілгерілету болды.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Әлемнің діни дәстүрлерінің баға жетпес қазыналары» көрмесі ашылды | Қазақстандағы Ислам
