Жаңалықтар

«Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті

Таңбалы Тас археологиялық кешенінде ұлы ғалым, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті. Іс-шара аясында Шоқан Уәлихановтың зерттеулеріне арналған ғылыми баяндамалар ұсынылып, тақырыпқа байланысты тың деректер талқыланды. Сондай-ақ, далалық ғылыми экскурсия, «Шоқан еңбектері және Таңбалы бейнелері» атты фотокөрме, буддалық-этникалық музыка композициялары, «Шоқан және Таңбалы Тас мұрасы» атты ғылыми-танымдық пікірталас ұйымдастырылды. Кештің қонақтары қатарында ЮНЕСКО өкілдері, Әзербайжаннан «Гобустан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, Ресейден «Карелияның петроглифтерін басқару орталығы», Қырғыз Республикасынан «Сулайман-Тоо» ұлттық тарихи-археологиялық музей кешенінің қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық шығыстанушы ғалымдар мен буддатанушылар болды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля