ҰҚК: Радикалды ағымдар жетегіндегі 83 адам сотталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымның жетегіне ерген 83 адам сотталды. Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, 6 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. 20 тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ҰҚК: Радикалды ағымдар жетегіндегі 83 адам сотталды | Қазақстандағы Ислам
