Жаңалықтар

Атырау әуежайында жарылғыш зат бар деген ер адам ұсталды

Атырау қаласында рейске тіркелу кезінде жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат берген ер адам ұсталды. Оқиға 8 қараша күні Атырау–Алматы бағытындағы рейске тіркеу кезінде болған. Ер адам әуежай қызметкерлеріне қол жүгінде бомба бар екенін айтып, дүрбелең тудырған. Полицияның көліктегі департаменті мәлім еткендей, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы – «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату» бойынша тіркелген. «Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мәліметтері жария етілмейді», – делінген полиция хабарламасында. Атырау әуежайы эвакуацияланбады, зардап шеккендер мен жапа шегушілер жоқ. Барлық рейс өз кестесіне сай жүзеге асырылып жатыр.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Атырау әуежайында жарылғыш зат бар деген ер адам ұсталды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля