Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды
Ош қаласында (Қырғыз Республикасының ірі әкімшілік орталықтарының бірі) Абай Құнанбайұлы атындағы көше, ескерткіш және музейдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаев, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Ашылу салтанатында Аида Балаева қатысушыларға алғыс білдіріп, бұл бастаманың ерекше маңызына тоқталды.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды | Қазақстандағы Ислам
