Жаңалықтар

Ұлттық идеология отбасынан басталады


          Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Индер ауданы, Құрылыс ауылы, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектепте мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың қатынасуымен «Ұлттық идеология отбасынан басталады» атты кездесу өтті.        

Кездесуде сөз алған облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі С.Жұқиев өмірден мысалдар келтіре отырып, бұрынғы қазақ отбасындағы тәлім-тәрбиесі мен қазіргі жас отбасылардың беретін тәрбиесі жөнінде салыстыра ой қозғады. Теолог маман Е.Сағынов Ислам дініндегі ата-ананың баласының алдындағы міндеттері туралы, қазіргі ата-аналардың әлеуметтік желіде көп отыруының себебінен жасөспірімдердің тәрбиесіне көңіл бөлінбей жатқандығын баса айтып, ата-аналарды осы бір жағдайдың алдын алу үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі С.Керешев, 11 сынып оқушысы А.Сағидолла тақырып шеңберіндегі өз ойларымен  бөлісті.  Орталық маманы Д.Байбақты оқушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453, 490 баптары туралы терең және толық түсінік беріп өтті. Шара барысында АТТ мүшесі Ж.Нариманова 11 сынып оқушыларымен жеке кездесіп, аудандағы жастар белсенділігі туралы қысқаша ақпарат берді.

 Шара соңында қатынасушылар көкейлерінде жүрген маңызды сауалдарына мамандар тарапынан нақты жауаптарын алды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қайырлиева оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған арнайы бұрышпен таныстырды. Сондай-ақ, қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля