Дәстүрлі рухани құндылықтар-діни тұрақтылықтың тетігі
Ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйек күні Қызылқоға ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкеc, Жангелдин ауылдық округі «Миялы» орта мектебінде ауыл тұрғындары және мектеп оқушыларына «Дәстүрлі рухани құндылықтар-діни тұрақтылықтың тетігі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов,«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы, қатынасты. Теріс діни идеологияның алдын-алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында тәрбие мен білімнің маңызды рөлін ислам дінінің құндылықтарымен сабақтастыра отырып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыға салынды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары мен оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар нақты жауап берді.