Жаңалықтар

Дін және дәстүр сабақтастығы

Ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйек күні Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес,бүгін Қызылқоға аудандық, Тасшағыл ауылдық округі ауыл тұрғындарымен «Дін және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өтті. Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы, Тасшағыл ауылдық округ әкімі М.Қуанышев қатысты. Н.Ғизат кездесу қонақтарын ауыл тұрғындарымен таныстырып, кездесу тақырыбының негізгі мәселелерін атап өтті. Сонымен бірге, дін мәселесіне байланысты қарым – қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасындағы Заңдар мен онда қарастырылған жауапкершіліктері туралы әңгімеледі. «Шапағат» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы: «Дәстүрлі емес діннің барлық түрлері мен көріністері, олардың ауқымы және қарқындылығы, зұлымдығы бүгінгі таңда ең өткір мәселеге айналды. Деструктивті діни ұйымдардың өріс алуы кез-келген елдің әлеуметтік жағдайына әсер етпей қоймайды»-дей келе, теріс ағымның жетегінде кетудің зардабына тоқталды. Дәстүрлі емес діни ұйымдар және ислам бір-біріне түпкі тамырынан бастап қарама-қайшы және бірін-бірі жоққа шығаратын көрініс. Бүгінгі таңда халықаралық діни ұйымдар және діни экстремизм асыл дініміз исламға да залалын тигізуде. Деструктивті діни ағымдардың қоғамға кері әсері мемлекетіміздің рәміздеріне, салт-дәстүрімізге қарсы шығу арқылы көрініс тауып отыр. Бұл жағдайда мемлекетіміздің саясатының бірі – алдын алу шаралары болып табылады. Шара соңында қатысушылар көкейтесті сауалдарына мамандар тарапынан нақты жауап алды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля