Cеминар «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранттық жобасы негізінде ағымдағы жылдың 13 тамызында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтті. Ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен онлайн семинарға 85 қалалық және аудандық АТТ мүшелері қатысты.


Онлайн семинардың негізгі мақсаты – дін аясындағы маңызды мәселелерді талқылап, АТТ мүшелерін қайта даярлау.
Онлайн семинарда теолог-исламтанушы Сабдин Асқар Қалижанұлы «Қоғамның дерадикализациясының негізгі мәселелері», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы «Ислам – толеранттық пен плюрализмді қолдайды», ҚР мәдениет қайраткері Абзелбаев Мұрат Назтайұлы «Оратордың тіл техникасы» тақырыбында дәріс оқыды.

Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған жаһандану жағдайында діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бағытындағы сұрақтарға жауап берілді.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля