Жаңалықтар

Желіде деструктивті діни ағым идеологиясын таратқан тұлғалар жазаланды.

Интернет кеңістігіндегі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Атырау облысы Дін істері басқармасының мамандары «Instagram» және «Вконтакте» әлеуметтік желісінде деструктивті діни ағымның материалдарын тарату фактілерін анықтады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігіне сай, Атырау қаласының тұрғындары Е.Көмеков (1998ж.т.), А.Куниров (1989ж.т.), А.Жұбанышалиев (1994ж.т.) және Д.Жолдыбаеваға (1989ж.т.) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен Е.Көмеков, А.Куниров, А.Жұбанышалиев және Д.Жолдыбаева ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігін бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, әр қайсысына 20 АЕК (55 560 тг) көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталған тұлғалардың әлеуметтік желідегі парақшалары бұғатталды.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля