Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы
Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының мемлекеттік тапсырысы аясында «Шапағат» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы Дін істері басқармасы, Ақпараттық талдау орталығы мамандары, және ақпараттық түсіндіру тобының мүшелеріне арналған шешендік өнерге баулу және психологиялық бір күндік семинар-тренингі өтті.
Шараның мақсаты аймақтағы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің көпшілік алдында толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыру, шешендік өнерге және пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу.
Курс барысында қоғам талқылауындағы діни өзекті мәселелер сарапталып, Ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің халық аудитория алдында сөйлей мәдениеті мен шешндік өнерге баулу мақсатында түсіндірілді. Арнайы лектор ретінде «Work and Live» тренинг орталығының директоры Нұрлан Азаматов өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға түрлі қызықты ойын ұйымдастырды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, магистр Турегалиева Венера Сүлейменқызы «Саногендік ойлаудың арт-терапиясы арқылы тренинг» тақырып аясында лекция оқып, өзіндік әдіс-тәсілдерімен тәжірибе арқылы бөлісті.
«Қазақ халқы ежелден шешендік өнерді жоғары бағалаған. Ата-бабамыз осы арқылы ел арасындағы дауларды шешіп, бітім айтып отырды. Технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі заманда адамдар арасындағы байланыс басқаша өрбіп, сөйлеу мәдениеті кенже қалып барады. Тіліміз бай дегенімізбен, сол барымызды бүгінде қолдана алмай жүргеніміз жасырын емес. Сондықтан бүгінгі семинар-тренингтің барлығымыз үшін берері бол деп есептеймін. Әсіресе, деструктивті діни ағым өкілдерімен диалогқа түсетін теологтар мен АТТ мүшелері бүгінгі жиыннан құнды ақпараттарды ала алады деп ойлаймын, — деді семинарда Шәкіров Толыбай Шәкірұлы.
Тренинг соңы тәжірибелік әдіске ұласып, қонақтар мен қатысушалар шешендік өнердің теориялық және тәжірибелік әдіс-тәсілдерді кеңінен талқыға салды.