Мақат ауданында «Ұрпақ тәрбиесі» және «Болашақ тірегі жастар» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 8 қазан Мақат аудандық әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен «Ұрпақ тәрбиесі» және «Болашақ тірегі жастар» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.

Аталмыш жиынға Шапағат ҚҚ ның теолог маманы Омаров Мухиддин және Мақат Аудандық орталық мешітінің бас имамы Билал Сүндетұлы қатысып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында аудан бас имамы Билал Сүндетұлы Ислам дініндегі «Отбасы тәрбиесі», «Перзенттің Ата – ана алдындағы» міндеттері тақырыптарында баяндама жасады.

Шапағат Қоғамдық қорының теолог маманы Мухиддин Асқарұлы Қазіргі таңдағы жастардың интернет желісі арқылы теріс тармақтарға кетіп бара жатқандығы соның ішінде теріс діни ағымдар жетегінде кетушілердің көп екендігін атап өтті. Сонымен қатар 453-490 әкімшілік құқық бұзушылық талаптар бойынша толықтай түсінік жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан 453 тармағы жайлы сұрақтар қойып, қанағаттарлықтай жауаптар алды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля