«Иман жастары» еріктілер тобымен өткен кездесу

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Иман жастары» еріктілер тобының белсенді мүшелерімен кездесу өтті. 

         

Аталмыш кездесуге білікті теолог, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Б.Отарбаев арнайы қатысты. 
Орталық «Иманғали» мешітінің жамағатымен жүздескен ұстаз Бауыржан Отарбаев келелі мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жауап беріп, жат ағымға түсудің алдын алу туралы уағыз айтты. 

          Кездесу аясында  дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту – жалпы жұртшылықтың, әсіресе жастардың теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалына түспеуіне, қорғаныс қабілеті мен қарсы тұру иммунитеті мықты болып қалыптасуына әсер ететін маңызды идеологиялық құрал болып табылатыны айтылды.

          «Қателесу — керегімді өзім жинап аламын деген ойдан басталады. Асылында, білімді ілім иесінен алған жөн. Бұл ретте ілім ізденушіге мүфтият ұсынған ғалым, ұстаздар көмекке келе алады» деп атап өтті республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бауыржан Отарбаев.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля