Мақат ауданында жастарға арналған семинар өтті

Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 қарашасында Мақат аудандық орталық кітапханасында «Жастардың рухани адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында жастарға арналған семинар өтті.

Семинарға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы А.Мағазов, Р.Әлиева, Қ.Құбайдоллаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов, Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Р.Үмбетова және Қ.Мыңтұрғанов, аудандық жастар ресурстық орталығының заңгер-маманы А.Есенаманова, Б.Қанатбаев  орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ұнағанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы  қатынасты.

Жастар арасында діни радикализм идеологиясының таралуын алдын-алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған семинарда Орталық маманы А.Мағазов тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық рухани және мәдени құндылықтарды насихаттаудағы Ақпараттық-талдау орталығының жұмысымен таныстырып өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов жастарға дін саласында мемлекеттің атқарып жатқан қызметтерін айта келе, қандай да бір діни мәселе туындаса, интернеттен немесе әлеуметтік желіден емес, дін саласының мамандарынан кеңес алу қажеттігін түсіндірді.

Мақат аудандық жастар ресурстық орталығының заңгер-маманы А.Есенаманова  «Мәңгілік елдің болашағы-білімді жастар» тақырыбында баяндама жасап, тренинг өткізді.

Семинар барысында жастардың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды дамыту туралы ой-пікірлер айтылып, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға мамандар толыққанды жауап берді.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля