«Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флешмоб акциясы

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флешмоб акциясына Исатай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері белсенділікпен қатысты. 

Шараның мақсаты – облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, дін саласында ақпараттық-түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу.

Аталмыш шараны облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Е.Насимуллин ашып, қатысушыларға акцияның маңыздылығын түсіндірді.

Оқушылар спорт қимылдарынан үзінділер көрсетіп, «Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы» деп ұрандатып, бейбітшілікті бейнелейтін шарлар ұшырды.

Шара соңында флэшмобқа қатысушы жастарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, бейбіт елдің жастарын еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Шараға 100-ден астам спорт мектебінің тәрбиеленушілері қамтылды.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля