Электр тогын пайдаланып балық аулауға болады ма?

Суда тіршілік ететін балық және басқа да тіршілік иелерін электр тогын пайдалану арқылы аулауға шариғи тұрғыдан тыйым салынады. Бұл жерде қолданылатын электр тогының қуатты немесе әлсіз болуы маңызды емес. Себебі мұндай әдіс шариғаттың малды бауыздауға қатысты негізгі шартына қайшы. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Егер өлтіретін болсаңдар, жақсы түрде өлтіріңдер. Малды бауыздайтын болсаңдар, жақсы бауыздаңдар. Сендер пышақтың жүзін өткірлеп, бауыздалатын малды жеңіл етіңдер[1]», — деген болатын. Бірде бір кісі Пайғамбарға келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Мен қойды бауыздағанда оған мейірімділік етемін», — дегенде, Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қойға мейірімді болсаң, Алла Тағала саған мейірімді болады[2]», — деп жауап қайырған екен. Демек, құтырған ит немесе зиянды тышқан сияқты жануарларды өлтіруде де, сойылатын малды бауыздау кезінде де оларды қинауға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, балық аулауда электр тогын пайдаланудың салдары өзен-көлдегі тіршілік атаулыға зиянын тигізіп, олардың бүгіні мен келешегіне қатер төндіреді, ондағы балықтың қорын азайтады.

Источник: https://nurgasyr.kz/p/elektr-togyn-pajdalanyp-baly-aulau-bolady-ma

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля